Anarkyz's Blog

кейбір кезде…

Posted by: anarkyz on: Мамыр 10, 2011

Адамның көңіл-күйі қызық.. Кейде алып-ұшып, дүниедегі ең бақытты адамды өзіміз деп білеміз. Ал бір кездері бойымызды ашу жайлап, айналадағыларымызға да теріс энергия береміз.. . Өмірде болып жатқан ұсақ-түйек проблемалар үшін жынданып, кейде тіпті неге олай емес,неге бұлай емес деп өзімізді сөгіп жатамыз. Read the rest of this entry »

уақыттың соры…

Posted by: anarkyz on: Сәуір 23, 2011

Тиімді пайдалансаң алатының көп, ал пайдалана алмасаң уақытыңның соры.Менің нені меңзеп отырғанымды түсінген боларсыздар. Сол баяғы ғаламтор. Read the rest of this entry »

не красивая…

Posted by: anarkyz on: Сәуір 23, 2011

Алдыңғы жазбамда жаңа жұмысым туралы жазған болатынмын (“muzzone” телеарнасындағы “muzday” бағдарламасының жүргізушісі болғаным жайлы яғни-vj). Аллаға шүкір ақырындап алға жылжып келемін, тәжірбие жинап дегендей. Осы күнге дейін тікелей эфирде бағдарламаның үш саны өтті. Алғашқы эфирде кішкене қобалжу болды, эмоция да аз болды. Дегенмен көпшіліктің көңілінен шыққан секілді. Тақырыбы: “мамандық” жөнінде болған болатын. Екінші бағдарлама тақырыбы “Қозы көрпеш-Баян сұлу” күніне байланысты ғашықтар жайында болды. Яғни “шын ғашықтар қосыла ма?” деген тақырып жөнінде пікір алмастық. Ал ең соңғы тақырыбымыз: “қыз бен жігіт арасындағы достық” туралы . Расында да, көпшіліктің пікірін тыңдап отырсаңыз өте қызық. Оның ішіндегі қатты ұнағандары: Шын ғашықтар қосыла ма деген тақырыпқа Ержан деген жігіт әрине қосылады, мысалы менің екі ғашығым бар дейді. Мен тіптен күліп жібердім. Жігіт тіпті олардың есімін атаудан да тайынбады.
Вообщым өте қызық . Тағы айта кетейін дегенім бағдарлама барысында бейнеклип кезінде смс-порталға көптеген хаттар келіп түседі. Соңғы бағдарламада келгенде кейбір хаттар көңілімді құлазытқаны бар. Алдыңғыларында тек мақтаулар келуші еді. Вобщыым не керек “не красивая, не хорошая что за ведущая?” деп жазып жіберіпті. Тағы да ұқсас смс тер жіберген бернеше рет. Мен мына жақта менің қан қызуым көтеріліп, ашуланып кеттім. Түрімді көрген режиссер мырза ұрысып маған: плохо когда ничего не пишут, о тебе пишут это значит заметили тебя. Привыкай!-деді маған. Алайда шын мәнінде мүмкін ең алғашқы сын болған соң ба менің көңіліме әсер етпей қоймады. Алайда мен мұңаймаймын, себебі мен өзіме сенемін, ИншАллаһ!!

Жаңа қызмет….

Posted by: anarkyz on: Сәуір 16, 2011

Өзімше қызмет деп қойдым… Вобщыым сіздерге айтар бір жаңалығым бар. Біреуіңіз мұны құптарсыздар, біреуіңізге ұнамауы мүмкін.. Алайда өзіме қатты ұнайды. Қыз балаға арналмаған жұмыс шығар мүмкін, алайда бұл менің жан дүниемнің қалауы. Сонымен мен “muzzone” деген телеарнаға vj болдым. Жастарға арналған “muzday” бағдарламасын Алла бұйыртса жүргізетін боламын. Әр сәрсенбі сағат түскі 2ден 3-ке дейін “muzzone” телеарнасын тамашалап,хабарласып,өз пікірлеріңізді білдіріңіздер!!!

blogcamp-2011

Posted by: anarkyz on: Наурыз 27, 2011

Барлық қазақ блогшылары блогкемп-тен алған әсерлерін жариялап бітті ғой деймін.Құрылтай туралы жазбаларды бақылап отырғаныммен, өзімнің әсерімді ішімде жүр еді . Сол эмоцияммен бөлісейін деп отырмын! Read the rest of this entry »

Сен мен туылғанда сегіз жасар едің!!!

Posted by: anarkyz on: Наурыз 11, 2011

– Сен мен туылғанда сегіз жасар едің!!! Бұл менің дүниедегі ең жақын адамым-анамның әкеме айтатын сөзі. Екеуінің жас айырмашылығы сегіз жас. Ата-анамды сағынып отырып, екеуінің осы бір сөзі есіме түсіп кетті.Анам әрдайым осы сөзді әкеме айтады . (мен саған арқа сүйеймін ғой дегенді білдірсе керек) Read the rest of this entry »

Урааа,көктем!!!

Posted by: anarkyz on: Ақпан 28, 2011

Урааа, көктем келді!! Дәл осы мезгілде күн жылынып, қыдыруға молынан мүмкіндік туып, қордиған тондарымызды шешіп, махаббат сезіміне бөленетін болғандықтан барлығымызға да ұнайтын болар. Read the rest of this entry »

сен деп соққан жүрегім…

Posted by: anarkyz on: Ақпан 21, 2011

Интернетті әр сайтқа экскурсия жасап отырып, бір өлеңді ұнатып қалдым. “Достар” тобының орындауындағы
” Сен деп соққан жүрегім” әні. Енді үйде сол өлең хит боп жатыр! (менің әдетім ғой бір өлең ұнап қалса надоел болғанша тыңдаймын).
Інілерімнің ол өлеңді естісе: ауыстыршы, бұл енді модадан қашан кетеді?,- деп әзілдеп қояды.(тек әпкелері болғаны үшін шыдап жүрген болуы керек) .Бұрын өлдім,күйдім деген әндерді естісем жыным келетін. Бірақ мынау ән ниче сияқты,сіз де тыңдап көріңіз!!!

Бүгін мен көңілдімін!!

Posted by: anarkyz on: Ақпан 21, 2011

Бүгін мен көңілдімін! Негізгі себеп: Практиканың аяқталуы! Бір ай бойы мектепте сабақ беру оңай болмады (тем более 5 сыныпқа).
Негізгі мамандығым мұғалімдік қой бірақ болашақта менен нағыз мұғалімдік шыға ма деп ойланып қойамын..
Шыныда қиын екен ұстаздық еткен. Мектепте оқып жүргенде талай мұғалімдерді ренжітіп едік. Сонда бастарыңа келсін деген ол кісілердің дұғасы қабыл болып кеткен бе, әйтеуір осы мамандыққа қалай айналып келіп қалғаныма өзім де таң қаламын. Ең ұнамағаны:мұғалімдердің істейтін жұмысына қарағанда жазатын жұмысы көп секілді. Оның үстіне оқушылар да тым еркін.. Арасында шынында тым ынталылары да, сөмкені арқалап келіп-кетіп жүргендері де бар. Сабаққа кірерде қанша энергиямен кірсең де,шығарда шаршағаның сонша сөйлеуге шамаң болмайды
Сол себепті барлығыңызға айтқым келгені: Қадірлеңіздер ұстаздарыңызды!

Қолым босасын….

Posted by: anarkyz on: Ақпан 17, 2011

Анау дедік, мынау дедік блог мәселесі күні бүгінге дейін созылды. Басында интернетке қол жетімсіздікті сылтаураттым. Уақыт жетпейді, арнайы тақырыптық блог ашайын деп ойланған сымақ болып қанша жүрдім..Ақыры осы күні тек екі жазбамен тоқтаған Анарқызымды жалғастырулы жөн көрдім.. Read the rest of this entry »