Anarkyz's Blog

Сәлем, әлем!

Менің атым-Анар Бекжігіт. Бұрын осы блогты жүргізгенмін. Кейін көптеген себептерге байланысты блогымды жүргізе алмадым. Ол уақыт ішінде көптеген жаңалықтар болды: универді аяқтадым, тұрмыс құрдым, балалы болдым… Енді блогты қолға алуды ұйғардым. Негізі, мен армандары көп адаммын. Үлкен адам болу үшін ғаламда, үлкен арман керек екен адамаға демекші))). Ендігі арманым блогымды толықтай қолға алу және видеоблог жүргізу. Әзірге тақырыбын тек ойлану үстіндемін. Орысша айтпақшы, молодая мамочока болғандықтан мұнда сол тақырып төңірегінде де жазуым мүмкін. Вообщым, алды қызықты жазбалар кұтеді сіздерді. Әзірге блогты қолға алғаныма өзімді бақытты сезініп отырған жайым бар!!!! IMG_7642

Advertisements

Адамның көңіл-күйі қызық.. Кейде алып-ұшып, дүниедегі ең бақытты адамды өзіміз деп білеміз. Ал бір кездері бойымызды ашу жайлап, айналадағыларымызға да теріс энергия береміз.. . Өмірде болып жатқан ұсақ-түйек проблемалар үшін жынданып, кейде тіпті неге олай емес,неге бұлай емес деп өзімізді сөгіп жатамыз. Read the rest of this entry »

Тиімді пайдалансаң алатының көп, ал пайдалана алмасаң уақытыңның соры.Менің нені меңзеп отырғанымды түсінген боларсыздар. Сол баяғы ғаламтор. Read the rest of this entry »

Алдыңғы жазбамда жаңа жұмысым туралы жазған болатынмын («muzzone» телеарнасындағы «muzday» бағдарламасының жүргізушісі болғаным жайлы яғни-vj). Аллаға шүкір ақырындап алға жылжып келемін, тәжірбие жинап дегендей. Осы күнге дейін тікелей эфирде бағдарламаның үш саны өтті. Алғашқы эфирде кішкене қобалжу болды, эмоция да аз болды. Дегенмен көпшіліктің көңілінен шыққан секілді. Тақырыбы: «мамандық» жөнінде болған болатын. Екінші бағдарлама тақырыбы «Қозы көрпеш-Баян сұлу» күніне байланысты ғашықтар жайында болды. Яғни «шын ғашықтар қосыла ма?» деген тақырып жөнінде пікір алмастық. Ал ең соңғы тақырыбымыз: «қыз бен жігіт арасындағы достық» туралы . Расында да, көпшіліктің пікірін тыңдап отырсаңыз өте қызық. Оның ішіндегі қатты ұнағандары: Шын ғашықтар қосыла ма деген тақырыпқа Ержан деген жігіт әрине қосылады, мысалы менің екі ғашығым бар дейді. Мен тіптен күліп жібердім. Жігіт тіпті олардың есімін атаудан да тайынбады.
Вообщым өте қызық . Тағы айта кетейін дегенім бағдарлама барысында бейнеклип кезінде смс-порталға көптеген хаттар келіп түседі. Соңғы бағдарламада келгенде кейбір хаттар көңілімді құлазытқаны бар. Алдыңғыларында тек мақтаулар келуші еді. Вобщыым не керек «не красивая, не хорошая что за ведущая?» деп жазып жіберіпті. Тағы да ұқсас смс тер жіберген бернеше рет. Мен мына жақта менің қан қызуым көтеріліп, ашуланып кеттім. Түрімді көрген режиссер мырза ұрысып маған: плохо когда ничего не пишут, о тебе пишут это значит заметили тебя. Привыкай!-деді маған. Алайда шын мәнінде мүмкін ең алғашқы сын болған соң ба менің көңіліме әсер етпей қоймады. Алайда мен мұңаймаймын, себебі мен өзіме сенемін, ИншАллаһ!!

Өзімше қызмет деп қойдым… Вобщыым сіздерге айтар бір жаңалығым бар. Біреуіңіз мұны құптарсыздар, біреуіңізге ұнамауы мүмкін.. Алайда өзіме қатты ұнайды. Қыз балаға арналмаған жұмыс шығар мүмкін, алайда бұл менің жан дүниемнің қалауы. Сонымен мен «muzzone» деген телеарнаға vj болдым. Жастарға арналған «muzday» бағдарламасын Алла бұйыртса жүргізетін боламын. Әр сәрсенбі сағат түскі 2ден 3-ке дейін «muzzone» телеарнасын тамашалап,хабарласып,өз пікірлеріңізді білдіріңіздер!!!

Барлық қазақ блогшылары блогкемп-тен алған әсерлерін жариялап бітті ғой деймін.Құрылтай туралы жазбаларды бақылап отырғаныммен, өзімнің әсерімді ішімде жүр еді . Сол эмоцияммен бөлісейін деп отырмын! Read the rest of this entry »

– Сен мен туылғанда сегіз жасар едің!!! Бұл менің дүниедегі ең жақын адамым-анамның әкеме айтатын сөзі. Екеуінің жас айырмашылығы сегіз жас. Ата-анамды сағынып отырып, екеуінің осы бір сөзі есіме түсіп кетті.Анам әрдайым осы сөзді әкеме айтады . (мен саған арқа сүйеймін ғой дегенді білдірсе керек) Read the rest of this entry »


  • Жоқ
  • Abay Otar: ҚТ мын деңіз сонымен. Блогыңыз құтты болсын
  • Aray: хехеххе. оны жазган адам озы айнага карауды умытып кеткен го.. олай жазатын адамда
  • anarkyz: иа! Қызықтыруға тырысып жатырмын!Рахмет!

Санаттар