Anarkyz's Blog

не красивая…

Posted on: Сәуір 23, 2011

Алдыңғы жазбамда жаңа жұмысым туралы жазған болатынмын («muzzone» телеарнасындағы «muzday» бағдарламасының жүргізушісі болғаным жайлы яғни-vj). Аллаға шүкір ақырындап алға жылжып келемін, тәжірбие жинап дегендей. Осы күнге дейін тікелей эфирде бағдарламаның үш саны өтті. Алғашқы эфирде кішкене қобалжу болды, эмоция да аз болды. Дегенмен көпшіліктің көңілінен шыққан секілді. Тақырыбы: «мамандық» жөнінде болған болатын. Екінші бағдарлама тақырыбы «Қозы көрпеш-Баян сұлу» күніне байланысты ғашықтар жайында болды. Яғни «шын ғашықтар қосыла ма?» деген тақырып жөнінде пікір алмастық. Ал ең соңғы тақырыбымыз: «қыз бен жігіт арасындағы достық» туралы . Расында да, көпшіліктің пікірін тыңдап отырсаңыз өте қызық. Оның ішіндегі қатты ұнағандары: Шын ғашықтар қосыла ма деген тақырыпқа Ержан деген жігіт әрине қосылады, мысалы менің екі ғашығым бар дейді. Мен тіптен күліп жібердім. Жігіт тіпті олардың есімін атаудан да тайынбады.
Вообщым өте қызық . Тағы айта кетейін дегенім бағдарлама барысында бейнеклип кезінде смс-порталға көптеген хаттар келіп түседі. Соңғы бағдарламада келгенде кейбір хаттар көңілімді құлазытқаны бар. Алдыңғыларында тек мақтаулар келуші еді. Вобщыым не керек «не красивая, не хорошая что за ведущая?» деп жазып жіберіпті. Тағы да ұқсас смс тер жіберген бернеше рет. Мен мына жақта менің қан қызуым көтеріліп, ашуланып кеттім. Түрімді көрген режиссер мырза ұрысып маған: плохо когда ничего не пишут, о тебе пишут это значит заметили тебя. Привыкай!-деді маған. Алайда шын мәнінде мүмкін ең алғашқы сын болған соң ба менің көңіліме әсер етпей қоймады. Алайда мен мұңаймаймын, себебі мен өзіме сенемін, ИншАллаһ!!

7 жауап to "не красивая…"

Көңіліңе ала берме, бастысы өзіңе сенімді сөйлеп, елді қызықтыра білсең сұлулық басты мәселе емес. Хит твдің vj- леріде әдемі деп кім айтты? Жарайсың Анарқыз, жұмысың сәтті болсын!

иа! Қызықтыруға тырысып жатырмын!Рахмет!

көре алмайтынның сөзі ғо мынау, ал сен красиваясың, шын сөзім!
Басқасына көңіл аударма!

Сіздің сөзіңізге сенемін ғой!! Рахмет әпкесі!!

Анарка, әлі мұндайдың талайы болады, үйрене бер! Ісіңе сәттілік! Сол жерде істейтініңді естіп, қуанып қалдым!

Рахмет,Розкабайым менің!!!Уже үйреніп қалдым почти!!

хехеххе. оны жазган адам озы айнага карауды умытып кеткен го.. олай жазатын адамдарга тек кана жан ашырлыкпен карау керек, себебы кызганыш бар оларда. ол жаксы касиет емес..

Пікір қалдыру


  • Жоқ
  • Abay Otar: ҚТ мын деңіз сонымен. Блогыңыз құтты болсын
  • Aray: хехеххе. оны жазган адам озы айнага карауды умытып кеткен го.. олай жазатын адамда
  • anarkyz: иа! Қызықтыруға тырысып жатырмын!Рахмет!

Санаттар